Песков Келлогтың Украина жөніндегі келіссөздерден шеттетілгенін жоққа шығарды

АСТАНА. KAZINFORM — РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлогтың Мәскеудің сұрауы бойынша Ресей мен АҚШ арасындағы Украина жөніндегі келіссөздерден шеттетілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Interfax.

ППесков Келлогтың Украина жөніндегі келіссөздерден шеттетілгенін жоққа шығарды
Фото: Сергей Карпухин/ ТАСС

Америкалық тарап Келлогты осы себеп бойынша келіссөздерден шеттеткені туралы ақпаратты Песковтан жұма күні журналистер сұрады.

— Жоқ, мен мұны растай алмаймын. Ресей тарапы АҚШ-тың ішкі істеріне араласады деп ойлау – абсурд. Бізде ондай ниет мүлде жоқ. Біз, керісінше, барлық қарым-қатынас өзара құрмет негізінде құрылуы керек деп есептейміз. Өзара құрметті басшылыққа ала отырып, әрине, біз АҚШ-тың ішкі істеріне араласпаймыз. Кімді тағайындау, кімді тағайындамау – бұл олардың шешімі. Сондықтан мен бұл ақпаратты мүлде растай алмаймын, – деп түсіндірді Песков.

Бұған дейін NBC News Трамп әкімшілігінің аты-жөнін атамаған өкіліне сілтеме жасап, Мәскеудің өтініші бойынша Келлогтың Ресей мен АҚШ арасындағы Украина жөніндегі келіссөздерден шеттетілгенін хабарлаған болатын.