Петер Мадьяр Мажарстанның жаңа премьер-министрі болды

АСТАНА. KAZINFORM - Петер Мадьяр Венгрияның премьер-министрі қызметіне ресми түрде кірісті. Оның кандидатурасын парламент депутаттары қолдады, деп хабарлайды BBC.

Петер Мадьяр избран новым Премьер-министром Венгрии
Фото: Reuters

Дауыс беру кезінде оны 140 депутат қолдады. 54 парламентарий қарсы шықса, бір депутат қалыс қалды.

Ант беру рәсімі ел парламентінде өтті. Бұл — «Тиса» партиясының парламент сайлауындағы сенімді жеңісінен кейінгі алғашқы саяси қадамдардың бірі.

Жаңа партия сайлауда 199 мандаттың 141-ін иеленді. «Тиса» партиясы небәрі екі жыл бұрын құрылған.

Осылайша Мажарстанда Виктор Орбан басқарған 16 жылдық саяси кезең аяқталды.

Қызметіне кіріскеннен кейін Петер Мадьяр:

-Мен Венгрияны билемеймін, еліме қызмет етемін, — деді.

Ол премьер-министр қызметінде Виктор Орбанның орнын басты.

Орбан осы уақытқа дейін «Фидес — Венгрия азаматтық одағы» партиясымен бірге елді 16 жыл басқарған еді.

Осыған дейін Мажарстанда билік ауысуы мүмкін екені туралы жаздық.