16:20, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Петербор халықаралық экономикалық форумына әзірлік басталды
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Невадағы қалада 2009 жылғы маусымның 4-6-сы күндері өтетін ХІІІ Петербор халықаралық экономикалық форумға әзірлік басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Форумды өткізуге әзірлік ауқымында қалада үйлестіру комитеті құрылды, ол инфрақұрылым, қатысушыларды орналастыруды ұйымдастыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін реттеумен айеналысады. Петербор халықаралық экономикалық форумы елдің солтүстік астанасында жыл сайын маусымның басында өткізіліп келеді. Онда бизнес пен әртүрлі елдер билігі өкілдері экономиканың өзекті мәселелерін талқылайды, іскерлік кездесулер мен келіссөздер өткізеді, іскерлік келісімдер жасасады.