18:47, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Петербор Ленинград қоршауының басталған күнін еске түсіреді
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петербор қыркүйектің 8-інде қоршау құрбандарын еске алу күнін атап өтеді - 1941 жылы нақ осы күні фашистер Ленинградты қоршауға алуды бастаған болатын.

ҚазАқпарат тілшісіне қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі хабарлағанындай, қыркүйектің 8-інде бірнеше еске алу шаралары өтеді.
Нева даңғылындағы мемориалдық тақтаға гүл шоқтары қойылады, бұдан кейін қаралы шеру Пискарев, Серафимов мемориалдық, Смоленск, Нева әскери бейіттерінде, жауынгерлер, қоршаудағы Ленинградты қорғаушылар мен тұрғындар жерленген басқа да бейіттерде болады.
Қаралы шаралар Богослав бейітінде де өтеді. Бұдан кейін Соляный тұйық көшесінде «Біздің есімізде» митингі-реквиемі болады.