Петербор мешітінде болатын Ораза айт мейрамы тікелей эфир арқылы әлемнің жүз еліне таратылатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петербор мұсылмандары екі маңызды ислам мерекесінің бірі – Рамазан айының соңында болатын Ораза айт мейрамын аса жоғары деңгейде атап өтпек.

   Петербор мешітінде болатын Ораза айт мейрамы тікелей эфир арқылы әлемнің жүз еліне таратылатын болады

Бұл күндері діндарлар Солтүстік астананың екі мешітінде, сондай-ақ қалаға жалғасып жатқан аумақтарда бас қосады. Бұл туралы Петербор және Солтүстік-Батыс өңірі мұсылмандарының діни басқармасы төрағасы, Соборлық мешіттің мүфтиі Рафиль Панчеев хабарлады.

Сондай-ақ мүфти мешіттегі мереке алғаш рет әлемнің жүз елінде тікелей эфирден көрсетілетінін айтты.