Петербор түбінде Лениннің ескерткішін жарып жіберді

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Пушкин қаласында (Санкт-Петербордың түбінде) дүйсенбі күні кеште белгісіз адамдар Малая көшесіндегі Ленин ескерткішін жарып жіберуге әрекет жасады. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Петербор түбінде Лениннің ескерткішін жарып жіберді

Ескерткіш төтеп берді, бірақ айналадағы үйлердің терезелері қирады. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, мән-жайын тексеруде.