09:51, 30 Тамыз 2015 | GMT +5
Петербор тұрғыны жалған төлқұжатпен несие картасын банкте рәсімдеу кезінде ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петербордың Киров ауданында жалған төлқұжатпен банктің қызметін пайдаланбақ болған 35 жастағы ер адам ұсталды.

Азамат банк бөлімшесіне келіп, несие картасын ресімдеуді сұраған. Ал оның қаржы мекемесінің қызметкеріне ұсынған жеке куәлігінде сурет жапсырылған екен. Құжатты арам ойлы ұрлаған не тауып алған болуы мүмкін.
Банк қызметкері төлқұжаттың жалған екенін бірден байқап, клиентке білдіртпей «дабылқаққыш» түймешегін басқан да картаны рәсімдеумен айналысып жатқандай түр көрсеткен. Полиция қызметкерлері шұғыл жетті. Ұсталған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.