Петерборда «Бастауыш петерборлықтың әліппесі» атты туынды жарық көрді

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петерборда «Бастауыш петерборлықтың әліппесі» атты бірегей туынды жарық көрді.
None
None

Кітаптың жарыққа шығуына ұйытқы болған қаланың Мәдениет комитеті қалаға жұмыс үшін келген шетелдік азаматтар, бөтен қаланың студенттері мен туристер осы кітапты оқи отырып, қала ішінде дұрыс бағдар алады, деп үміттенеді.

Авторлардың пікірінше, кітап оқырмандарға қалалықтардың сөз орамын, тілі мен дәстүрін тез меңгеріп алуға, елдің солтүстік астанасында туылып өскен азаматтар қолданатын сөздерді дұрыс пайдалануға көмектеседі.

Айта кетейік, жаңа кітап басқа комитеттермен, сонымен қатар аудандық әкімшіліктермен бірлесе отырып, мәдениет комитеті дайындаған «Мәдени астана» бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар