Петерборда доңыз тұмауына қарсы вакцинаның сынағы басталды

САНКТ-ПЕТЕРБОР.   Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Елена  Мягкова/ - Санкт-Петерборда   Ресейдің  Медициналық ғылымдар   академиясының    тұмау ғылыми-зерттеу  институтында  бүгін   доңыз тұмауына қарсы вакцинаның сынағы  басталды.  Вакцина    алғашқы 30  еріктіге  мұрын арқылы  енгізіледі.
None
None

Апта  бойына олар  емханада  бақылауда  болады.    Келесі  бейсенбіде    зерттеу  30 адамнан  тұратын  еріктілердің келесі  тобымен  жалғасады.

Сынақтың   алдында еріктілер    іріктеуден   өтті.  Оларға бірқатар   талаптар,  оның ішінде,     алкогольге  және  есірткіге  тәуелділіктің  болмауы, жастары 18 бен 60 жастың аралығында  болуы сияқты талаптар  қойылды.

Еріктілерге  аурулық қағазы,  сондай-ақ,  шамамен    8 мың  рубль  көлемінде  өтемақы   беріледі.   Сынаққа  барлығы   150 еріктіні    тарту жоспарланып  отыр.

Институттан  хабарлағандай,  қазіргі кезеңде   тірі вакциналар  зерттелуде,  екінші  типтегі вакциналарды  зерттеуге  ғалымдар  кешірек кіріседі.

Соңғы жаңалықтар