Петерборда Достоевскийдің фотороботы жасалды
КТ-ПЕТЕРБОР. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петерборда атақты орыс жазушысы Федор Михайлович Достоевскийдің фотороботы жасалды.
Достоевскийдің фотобейнесінің негізіне ХIХ ғасырдың аяғындағы және ХХ ғасырдың басындағы фотографиялық түсірімдерде, суретші-замандастары бейнелеген суреттерде, сондай-ақ кескіндемелерде, графикалар және мүсіндік шығармаларда сақталған жазушының портреті алынған.
Фоторобот жазушының мұражайындағы «Достоевскийдің бейнесі» деген жобаның аясында ұсынылған. Осы жобаның аясында 150 жыл бойы жасалған жазушының иконографиясы алғаш рет ұсынылып отыр.