Петерборда екі нашақор балаларға пневматикалық тапаншадан оқ атқан

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат - Санкт-Петерборда екі ер азамат пневматикалық тапаншадан балаларға оқ жаудырды,

Петерборда екі нашақор балаларға  пневматикалық тапаншадан оқ атқан

деп хабарлайды Вести.Ру.

Оқиға Загреб бульварында орын алды. Екі ер азамат өздерінің балкондарына шығып алып, балалар бақшасының ауласында ойнап жүрген бүлдіршіндерге пневматикалық тапаншадан оқ жаудырған. Қылмыскерлердің қолынан екі бала зардап шекті, дегенмен олардың ата-аналары балаларын емдеу мекемесіне әкелген жоқ.

Қылмыскерлер құрықталды. «Интерфаксқа» Петербор ІІББ ведомстводан тыс күзет басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, қылмыс жасау кезінде екеуі де есірткі уытына мас болған. Аталмыш факті бойынша РФ ҚК 213 бабы (бұзақылық) қылмыстық іс қозғалды.