15:23, 27 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Петерборда екі трамвай соқтығысып қалды
АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні таңертең Петерборда екі трамвай соқтығысып қалды. Апат салдарынан үш адам жарақаттанды. Бұл туралы қалалық ТЖМ қызметкеріне сілтеме жасай отырып, Утро. ру агенттігі хабарлайды.
Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 11.00-де аялдамада тұрған №7 трамвайға №10 трамвай келіп соғылған.
ТЖМ қызметкерінің сөзіне қарағанда, оқиға салдарынан үш адам жарақаттанып, қалалық ауруханаға жеткізілді.