Петерборда ер адамды пойыз қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петербордағы "Обухово" стансасында электр пойызының астына түскен ер адам аман қалды.

Петерборда ер адамды пойыз қағып кетті

"Росбалтқа" РФ ТЖМ Петербор ММ баспасөз қызметі оқиға сағат 19:45-те орын алғанын хабарлаған.

Ол жүруге тыйым салынған жерден өтіп кетпекші болған. Құтқарушылар тікұшақ шақырып, зардап шегушіні ауруханаға жеткізді. Оның қазіргі жағдайының қандай екендігі әзірге белгісіз.