Петерборда Қала күні алғаш рет Судағы фестиваль өтеді

Су үстіндегі мереке-фестиваль екі күнге созылады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
Алдын ала ақпарат бойынша Қала күні Нева үстіне 100-ге жуық қайық шығады, дегенмен көрермендердің ықыласын 21 көне пароход ерекше аударады деп күтілуде.
«Ағашпен жүретін және жасалғандарына 1 ғасырдан асқан 21 фин пароходы суға түсіріледі. Олардың 12-сі - революцияға дейінгі Ресейде, Петербор өткелдерінде жұмыс істеген», - дейді Нева Тревел Компани» фирмасының директоры Андрей Набатов.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай бірегей шара алғаш рет өткізіліп отыр. Дегенмен, ұйымдастырушылар фестивальдің жай-жапсары туралы толығырақ айтудан бас тартты.
Естеріңізге сала кетейік, Санкт-Петерборда Қала күні 27 мамырда атап өтіледі.