Петерборда Қазақстанда өлтірілген такси жүргізушісінің ісі бойынша сот болады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. ҚазАқпарат - Санкт-Петерборда 2002 жылы Қазақстанда қарулы шабуыл жасады және такси жүргізушісін өлтірді деген айып тағылған азамат сотқа тартылады.

Петерборда Қазақстанда өлтірілген такси жүргізушісінің ісі бойынша сот болады

Петербор прокурорының орынбасары осы уақытқа дейін Андрей Ичетовкин атындағы жалған құжаттармен өмір сүріп, кәдімгідей жұмыс жасап, әлеуметтік желілерде адамдармен араласып келген Сергей Ивановтың қылмыстық ісі бойынша айыптау сараптамасын бекітті.

«Иванов-Ичетовкин РФ ҚК-нің бірнеше баптары бойынша айыпталатын болады», деп хабарлады Санкт-Петербор прокуратурасы.

«Такси жүргізушісіне қарулы шабуылды, оны өлтірген аса ауыр қылмысты Иванов бір топ адаммен осыдан 12 жыл бұрын Қазақстанда жасаған. Қылмыстық топтың қалған мүшелері көптен бері жазаларын өтеуде», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, прокуратураның мәлімдеуінше, Иванов Қазақстан мен Ресейдің із кесу органдарынан көп уақыт бойы бой тасалап, басқа төлқұжатпен қарапайым өмір салтын ұстанып, «Вконтакте» әлеуметтік желісінің тұрақты пайдаланушысы және жылжымайтын мүлік сату желісінің қызметкері болып келген. «Жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде оның жеке басы анықталып, Петерборда РФ ІІМ басқармасы қызметкерлерінің күшімен ұсталды», - дейді ведомстводағылар.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Санкт-Петербордағы тілшіміз.