Петерборда Крамскойдың қылқаламынан туындаған белгісіз портреті табылды

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Белгілі орыс суретшісі Иван Крамской Санкт-Петербордағы Петропавл қамалында көрмеге қойылған ұлы князь Владимир Александровичтің портретінің белгісі авторы болып шықты. Осындай тұжырымға мұражай сарапшылары келді, деп хабарлайды қала тарихы мұражайының баспасөз қызметінен.
None
None

«Петербор тарихы мұражайының ғылыми ұжымы мен олардың Эрмитаж бен Орыс мұражайындағы әріптестерінің атрибуциялық жұмыстарының нәтижесінде портреттің авторы мен оның қай мезгілде жазылғаны анықталды. Ұлы князь Владимир Александровичтің портреті император ІІІ Александрдың статс-хатшысы Александр Половцевтің тапсырысымен 1885 жылдың қазанында жазылған болып шықты», - делінген таратылған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, ұлы князьдің портреті, авторы мен оның орындалу уақыты соңғы мерзімге дейін белгісіз болып келген. Ол Эрмитаждан Ленинградтың тарихы Мемлекеттік мұражайына 1969 жылы түскен еді. Қазіргі уақытта портрет «Санкт-Петербор - Петроград. 1830-1918» көрмесінде қойылған.

Соңғы жаңалықтар