Петерборда құрсау құрбандарына ескерткіш-ғибадатхана салынады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Петербордың Жеңіс саябағында Ленинград құрсауы жылдары қаладағы жалғыз крематорий ұйымдастырылған орынға ескерткіш-ғибадатхана салынады,

Петерборда  құрсау   құрбандарына   ескерткіш-ғибадатхана  салынады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сәуір айының басында өткен Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кирилл мен Санкт-Петербор губернаторы Валентина Матвиенконың кездесуінде ғибадатхана құрылысы туралы шешім қабылданған болатын. Жақын арада храм жобасының эскизін жасау жұмыстары басталады. Бұл ескерткіш-ғибадатхана салынғалы отырған жердегі крематорийде блокада жылдары 600 мыңнан астам соғыс құрбандарының денелері өртелген болатын. Олардың күлдері қазіргі саябақтың аумағына көмілген.