Петерборда құтқарушылар өрт кезінде зардап шеккен зейнеткерді өлді деп ойлап, бетін жауып қойған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петербордағы Пионерский көшесінде тұрғын үйден өрт шықты. Үйден 17 адам эвакуацияланды. Оның ішінде ТЖМ қызметкерлері бастапқыда қаза тапты қабылданған зардап шеккен зейнеткер де бар.

Петерборда құтқарушылар өрт кезінде зардап шеккен зейнеткерді өлді деп ойлап, бетін жауып қойған

Оны көшеге шығарып, асфальтқа жатқызып, бетін жауып қойған. Алайда біраз уақыттан кейін оның тірі екені анықталды, деп хабарлады Life78.

Тірі екенін білген ТЖМ қызметкерлері оны зембілге салып, көрпеге орап, жедел жәрдем шақырған. Life78 атап өткендей, зардап шегушіге біршама уақыт алғашқы көмек көрсетілмеген. Дәрігерлер келгенше жарты сағат аязда қалуына тура келген.