Петерборда өзінің көріпкел сегізаяғы пайда болды

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Футбол матчтарының нәтижесін жануарларға болжату үрдісі Ресейдің солтүстік астанасына да жеткен сыңайлы. РФ құрамасының Болгария командасымен жолдастық кездесуінде жеңімпаз атануымен Санкт-Петербордың өзінің көріпкелі - Григорий есімді былқылдақ денелі сегізаяқ пайда болды. Матч алдында ол жеңістің ресейлік команданың үлесінде болатынын болжап берген еді.
None
None

Петербор океанариумындағы эксперимент бір күнге созылды. Аквариум әйнегіне Ресей мен Болгарияның жалаулары бекітілді. Зерттеулердің шынайылығы үшін жалаулар кезекпе-кезек орындарынан ауыстырылып отырды. Бірақ Григорий әр кез Ресей жалауын көрсетумен болды.

Еске сала кетейік, Ресей мен Болгарияның жолдастық кездесуі Петербордың «Петровский» стадионында тамыздың 11-інде өтті. Бұл бәсекеде ресейліктер 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Соңғы жаңалықтар