18:49, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Петерборда зергерлік дүкен тоналды
МӘСКЕУ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат – Түн ортасына таман үш ер адам «585» салонына басып кірген,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Бұл кезде дүкенде екі сатушы ғана болған. Қарақшылар дүкеншілерді тапаншамен қорқытып, 21 тартпада тұрған зергерлік бұйымдарды алып, із жасырған. Сегіз минуттен кейін келген полиция олардың орнын сипап қалған.Ұрланған бұйымдар шамамен 5-6 миллион рубль болады деп бағаланған. Алайда дәл сомасы есеп жүргізгеннен кейін белгілі болады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеуге кірісті. Сатушылар шабуыл жасаған адамдардың кескінін суреттеп берген. Тергеу амалдары жүргізілуде.