Петерборда жол апатында Ресейдің футбол құрамасының қақпашысы В.Малафеевтің зайыбы қаза болды
САНКТ-ПЕТЕРБОР. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Петерборда жол-көлік оқиғасында Ресейдің футбол құрамасының және петерборлық «Зенит» клубының қақпашысы Вячеслав Малафеевтің зайыбы - Марина Малафеева қайғылы қазаға ұшырады.
Аймақтық жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясының ақпараты бойынша, жол апаты Приморье даңғылында сағат 05:30 шамасында болған. Рульде Марина Малафеева отырған «Бентли» көлігі үлкен жылдамдықпен келе жатып билбордты соққан, одан кейін екпінмен барып ағашқа соғылған. Ол оқиға орнында көз жұмған.
Жол полициясы қайғылы оқиғаның мән-жайын тексеруде.