Петербордағы көшелердің біріне Виктор Цой есімі берілуі мүмкін
АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Санкт-Петербордың губернаторы Георгий Полтавченко қалалық белсенділердің солтүстік астананың біріне атақты ленинградтық рок-музыкант Виктор Цойдың есімін беру туралы бастамаларына оң көзқарас танытты.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Биыл музыкант, көзі тірі болғанда, 50 жасқа толатын еді. Цой 1990 жылдың 15 тамызында Ригадан бірнеше шақырым жерде жол апатынан қайтыс болды.РИА Новости хабарлағандай, ресми нұсқаға сай, ол жолдың үстінде көзі ілініп кеткен көрінеді.
«Идея маған ұнайды, жетілдіру керек...» - деп Twitter-дегі шағын блогына қала басшысы губернаторға жобаны қолдауды ұсынып, жүгінген ғаламтор қолданушыларының біріне берген жауабында жазды.
Ғаламторды пайдаланушы өз жазбасына қоса Петербор көшелерінің бірін Виктор Цойдың есіміне ауыстыруды ұсынушы белсенділер туралы жариялаған қалалық БАҚ материалына сілтемені берген. «Әзірге музыканттың 50 жылдығына орай қала орталығында фотокөрме ұйымдастырумен айналысып жатырмыз», - деп атап өтті қала басшысы.
Еске сала кетейік, Виктор Цой 1981 жылы 19 жасында Кеңес дәуіріндегі ең танымал рок-музыка тобы - «Киноны» құрды. Өмірінің соңына дейін ол топтың көшбасшысы, барлық мәтіндер мен әуендерінің авторы болды. Ұжым небәрі тоғыз жыл жұмыс істеп, осы уақыт аралығында жүзден астам ән шығарып, бірнеше ән жинақтары мен концерттік жазбалар жасады. Цой қаза тапқаннан кейін «Кино» тобы лезде тарап кетті.