Петерборға «Зенитпен» арадағы кездесуді көруге барған «Рубин» жанкүйері қымбат көлігінен айырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің солтүстік астанасына «Зенитпен» арадағы кездесуді көруге барған "Рубин" командасының жанкүйері автомобильсіз қалды.
Санкт-Петербор прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 сәуір күні «Петровскийде» болатын ойынға билет алған ер адам дәмханаға тамақтануға кірген. Шамамен бір сағаттан соң шыққан ол Mercedes машинасын таба алмай қалған. Көлік іздестіріліп жатыр.