Петерборлықтар қазақ нанынан дәм тата алады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Толеранттылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Санкт-Петербордағы Нан мұражайында «Көпұлтты қаланың наны» көрмесі ашылуда.
Көрмеге Петерборда тұратын түрлі халықтардың нандары қойылады.
Петербор асханасы үш жүз жыл бойына қалыптасып келеді. Осы аралықта Петербор наны түрлі аспаздық дәстүрлердің элементтерін бойына сіңірген: Невадағы қалада 400-ден астам этномәдени қоғамдық ұйым бар, олардың қатарында қазақ диаспорасы да бар.
Көрмеге келушілер қойылған нан түрлерінен дәм тата алады.