Петерборлықтар Ленинградты фашистер құрсауынан босатудың 65 жылдығын тойлауда

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Петерборда алыс және жақын 13 шетелдің ардагерлер ұйымдары өкілдерінің,
None
None
оның ішінде Қазақстан ардагерлерінің де қатысуымен блокадашылар форумы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгінде сіздер қайда тұрып жатсаңыздар да, біздің қаламыздың бір бөлшегісіздер. Біздер үшін сіздер әрқашан ленинградтықтар болып қаласыздар. Сіздерді біздің қаламызда көргенімізге қуаныштымыз. Ашаршылық жайлаған, жау құрсауында қалған қаладағы адам өмірінің құны сіздерге ғана мәлім», деді Санкт-Петербор губернаторы Валентина Матвиенко ардагерлердің алдында сөйлеген сөзінде. Ленинградты фашист құрсауынан босатудың 65 жылдығына арналған негізгі салтанатты шаралар бүгін өтеді. Қалыптасқан дәстүр бойынша бұл атаулы күн Пискарев және Серафим зираттарына, жауынгерлік даңқ ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталады. Кешкі сағат 19.00-де Петербор үйлерінің терезелерінде құрсаудағы 900 күнді еске алудың құрметіне балауыз шамдары жағылады. Кеш мерекелік отшашумен аяқталады. Естеріңізге сала кетейік, Ленинград қаласы 1941 жылғы шілденің 10-ынан бастап қоршауға алынған еді. Фашистер құрсауында болған 900 күн Ленинградты ерліктің, қайсарлықтың белгісіне, символына айналдырды. 1944 жылғы қаңтардың 14-інде қаланы азат ету үшін кеңестік әскерлер шабуылға көшті, ал 1944 жылғы қаңтардың 27-сінде Ленинград толықтай азат етілді.
Соңғы жаңалықтар