Петербург метросында тұтандырғышы және тротил іздері бар граната табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петербург метросының «Приморская» стансасында жолаушылардың бірінен Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі тротил іздері бар граната табылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Петербург метросында тұтандырғышы және тротил іздері бар граната табылды

Бұрын хабарланғандай, «Приморская» станциясы сағат 10.13-тен 11.29-ға дейін жабық тұрған еді. Гранатаға ұқсас күдікті зат жолаушылардың бірінің сөмкесін тексеру барысында табылды. Оқиға орнына жарылғыш заттармен жұмыс істейтін техниктер шақырылып, олар күдікті заттың заманауи тұтандырғышы бар Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі РГ-42 гранатасы екендігін растады.

«Бірақ гранатаның ішінде тротил болмаған, яғни тек іздері қалып қойған. Бұл граната жартылай жарылғыш болып шықты», - деді агенттіктің дереккөзі.