Петербургке ұшып бара жатқан Air Moldova компаниясының ұшағына найзағай тиді
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Air Moldova әуе компаниясы Кишинев-Санкт-петербург бағытындағы рейсін тоқтатуға мәжбүр болды. Бұған себеп, компанияның 113 жолаушысы бар Embraer E-190 ұшағына найзағай тиген.
ТАСС агентігінің хабарлауынша, әуе компаниясының баспасөз қызметі жайсыз оқиғаның лайнердің Молдова астанасынан әуеге көтеріле салысымен 10 минуттан соң Украинаның Одесса облысында болғандығын хабарлаған.
4 мың метр биіктікте кетіп бара жатқан ұшақ Кишенев әуежайына қонды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, найзағай ұшаққа зиянын тигізбеген. Жолаушылардың аздап қорыққаны болмаса, ешкім де зардап шеккен жоқ. Соған қарамастан жолаушыларды өзге рейспен жіберіп, найзағай тиген лайнерге қосымша тексеру жүргізу жөнінде шешім қабылданды»,-делінген баспасз мәліметінде.