Петербургта ТМД елдері Ішкі істер министрлері кеңесінің отырысы ашылды

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Петербургта ТМД мемлекеттері Ішкі істер министрлері кеңесінің отырысы өтуде.
None
None

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Санкт-Петербург губернаторы Валентина Матвиенко, «біз бүгін «мемлекеттеріміздің шекаралары достық, іскерлік байланыстарды нығайту үшін ашық, ал заңды бұзатындар үшін тарс жабық болуын қамтамасыз етудің барлық жолын жасауымыз керек. Осы мәселелерді шешуде ТМД қатысушы мемлекеттерінің құқық қорғау ведомстволары жетекші рөл атқарады», - деп атап өтті.

Оның айтуынша, Кеңес отырысының Санкт-Петрбургте өткізілуінің нақты заңдылығы бар. «Петербург еліміз бойынша қылмыстың төмендеу сатысы бойынша көшбасшы орында келеді. Біз құқық бұзушылықтардың алдын алу, жемқорлық қылмыстарға, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте біршама тәжірибе жинақтап алдық. Петербург Еуропа мегаполистерін есірткіге қарсы қозғалысқа біріктірген Декларацияны алғашқылардың бірі болып қабылдады», - деді Валентина Матвиенко.

Соңғы жаңалықтар