Петербургте ер адам әйелі мен баласын өлтіріп, өз-өзіне қол салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петербург полициясы ер адамның, оның әйелі мен төрт жасар ұлының өлімінің мән-жайын тексеруде. Қайғылы оқиға қаланың Фрунзе ауданында орын алды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Өңірлік полицей Басшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, 35 жастағы ер адамның мүрдесі Малая Балканская көшесі бойындағы №32 үйдің терезесінің жанынан табылды. Полиция ер адамның осы үйдің 13-ші қабатынан секіргендігін растаған.
Қаза тапқан адамның кім екені және мекен-жайы анықталысымен, полицейлер сол үйдің 2-ші қабатындағы марқұмның пәтеріне келгенде пышақ жарақаттарынан қайтыс болған әйелі мен төрт жасар ұлының мүрдесін тапқан.
Алдын ала деректер бойынша, ер адам оқиға болатын түннің алдында Санкт-Петербург түнгі клубтарының бірінде көңіл көтеріп, кейін үйіне келіп өз-өзіне қол салған.
Қазір полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтауда. Полиция қызметкерлері отағасының әйелі мен баласын өлтіруге қатыстылығын жоққа шығармай отыр.