Петопавлда ер адам атыс жарақатынан көз жұмды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петопавлда ер адам атыс жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

26 ақпан күні Петропавл қаласы полиция басқармасының «102» жедел арнасына облыс орталығындағы көңіл көтеру орындарының бірінде ер адамның атыс жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түсті

«28 жастағы ер адам жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жатқызылды, алайда алған жарақатынан қайтыс болды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі «адам өлтiру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді», - деп жазды аймақтағы полиция департаментінен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті Петропавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар