Петропалдағы өрт кезінде 220 адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Петропавлда көп қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде құтқарушылар 220 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Көлік өрті
Фото: ТЖМ

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Петропавл қаласы Парковая көшесінің бойында тоғыз қабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатында үй заттары мен жиһаз жанған.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері баспалдақ арқылы 3 адамды құтқарып, 217 адамды, оның ішінде 21 баланы эвакуациялады. Өрт толығымен сөндірілді, өрттің себебі анықталуда»,-делінген хбарламада.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі үйде өрт шыққан жағдайда не істеу керегін түсіндірген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар