Петропавл қаласында 700 үйдің құрылысы жүріп, 200 үйдің кілті табысталды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасылар жаңа үйлерге қоныстануын жалғастыруда.

Петропавл қаласындағы «Бірлік» шағын ауданы жаңа тұрғындармен толықты. Бүгінгі таңда, су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 700 үйдің құрылысы жоспарланып, 200 жаңа тұрғын үй кілттері табыс етілді.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа Бірлік шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлердің құрылыс барысымен танысты. Сәйкесінше, министр зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу жөніндегі жұмыстармен, тұрғын үйлердің жай-күйімен, келтірілген залалдың нәтижелерімен және қажетті қосымша құрылыс жұмыстарын барлап қайтты.
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Копай шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлердің құрылыс барысымен танысты.
Жалпы игерілетін жер көлемі 44,6 гектарды құрайды. Мұнда 29 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда. Бұл жалпы ауданы 289,9 мың шаршы метр болатын 18 кешен. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 73,1 мың м2 болатын 9 тұрғын үй салынуда. Көпқабатты үйлердің құрылысын аяқтау 2024-2025 жылдарға жоспарланған.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі құрылыс жұмыстарының тиімділігі мен сапасын атап өтті.
Министр Қанат Шарлапаев Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы бес қабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.
Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарлануда. Құрылыстың бас мердігері – «Павлодар зауыты ТЕМІРМАШ» ЖШС. Жобаның негізгі дайындығы 60% құрайды.
Пәтер ауданы:
1 бөлме – 44 ш.м. - 17 пәтер, жалпы ауданы 748 ш.м.
2 бөлме - 56 ш.м. - 19 пәтер, жалпы ауданы 1064 ш.м.
3 бөлме – 66,3 ш.м. - 14 пәтер, жалпы ауданы 929 ш.м.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі құрылыс жұмыстарының тиімділігі мен сапасын атап өтті. Кезекте тұрғандардың барлығын пәтермен қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі екінші кезектегі тұрғын үй сатып алу тәжірибесін қолдануда. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 94 адам баспана кезегінде тұр, оның ішінде 14 көп балалы отбасы.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 3 993 объектіге техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша:
- 700 үй салу - 200 аяқталды;
- 1329 үй сатып алу - 836 сатып алынды;
- 1964 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу - 1001 аяқталды.