18:25, 03 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Петропавл қаласының жаңа прокуроры тағайындалды
ПЕТРОПАВЛ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Петропавл қаласының прокуроры қызметіне әділет кіші кеңесшісі Нұрлан Қанағатов тағайындалды.
Н.Қанағатов 1975 жылы Талдықорған облысының Герасимовка ауылында дүниеге келген. Жоғары заңгерлік білімі бар, Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық университетті бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы прокурордың тәлімгері, Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық прокурорының көмекшісі болып бастады.
ҚР Бас прокурорының көмекшісі, Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз аудандық прокуроры, Ақмола облысының Есіл аудандық прокуроры қызметтерін атқарды.
Петропавл қаласының бұрынғы прокуроры Думан Еспенбетов Шал ақын аудандық прокуроры қызметіне тағайындалды.