Петропавл көшелеріне «ақылды» орындықтар қойылып жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласының тұрғындарына арналған төрт смарт-орындық орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл көшелеріне «ақылды» орындықтар қойылып жатыр

Жергілікті ақпараттық медиа-орталықтың мәліметінше, орындықтарға отырып мобильдік құрылғыларды қуаттауға және тегін wi-fi интернетті пайдалануға болады.

Орындықтың бір бөлігі күн батареясы ретінде жасалған. Осы арқылы екі гаджеттің батарейін бірдей USB-порт немесе сымсыз қауаттау панелі арқылы толтырып аласыз.

Әзірге қойылғаны 4 орындық. Олар облыс және қала әкімдіктерінің маңайында тұр.