Петропавл мемқызметшілері 700-ге жуық алма ағашын отырғызды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет органдарының 20-жылдығын мерекелеу аясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «90 мың ағаш» акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды аталмыш органның баспасөз қызметі.

Петропавл мемқызметшілері 700-ге жуық алма ағашын отырғызды

Бұл республикалық акция еліміздің қалалары мен өңірлерін көгалдандыру ісінде 90 мың мемлекеттік қызметкерлерді жұмылдыруға бағытталған. Әрбір мемқызметші жаңа ағаш егуге міндетті.

Кеше, 12 мамыр күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының қызметкерлері «90 мың ағаш» акциясын жүзеге асыруға өз үлестерін қосты.
null 

Петропавл қаласының Бейбітшілік көшесінде 700-ге жуық алма ағашы егілді.

Жалпы, биылғы жылы мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай басқа да ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланған. Оның ішінде СҚО мемлекеттік істер департаменті ұйымдастыратын «20 игі іс» қайырымдылық акциясы да бар.

nullnullnull