Петропавл мен Шарм-Эль-Шейх арасында әуе рейсі ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл халықаралық әуежайынан Мысыр елінің Шарм-Эль-Шейх курортына тікелей әуе рейсы ашылды. Бұл жөнінде СҚО жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының алқа отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл әуежайының халықаралық мәртебесі болғанымен әзірше тек Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан әуе рейстерін қабылдайды. 2018 жылы әуежайдың қызметін 17 мыңнан аса жолаушы пайдаланған, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 13 % көп.

«Әуе рейстерінің санын ұлғайту керек. Баға қазір көңілге қонымды. Астанаға дейін билет құны бар болғаны 10 мың теңге. Жолаушылардың саны біршама өсті. Бұл жұмысты одан әрі күшейту қажет. Біз әуежайды басқаруды жеке компаниялар мен шетелдік инвесторларға беруге дайынбыз»,- деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

СҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста танымал шетелдік курорттарға әуе рейстерін ашу бойынша қарқынды жұмыс атқарылуда. Жазда солтүстікқазақстандықтар Мысыр елінің Шарм-Эль-Шейх курортына Петропавлдан тікелей рейспен ұшып бара алады.

«Бүгінгі таңда Петропавл әуежайы, «Скат» әуекомпаниясы мен жергілікті турфирмамен Шарм-Эль-Шейх курортына тікелей әуе рейсін ашу туралы келісімге келдік. Ұшақтар шілде айынан қыркүйекке дейін, яғни жаз айларында қатынайтын болады», - деді СҚО жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Балахонцев.null

Петропавлдағы турфирмалардың бірі Қызыл теңіз жағалауындағы демалыс орындарына билеттерді брондап сата бастады. Маусымның 19-ына жоспарланған он күндік демалыс үш жұлдызды қонақ үйде шамамен 222 мың теңге тұрады. Шарм-Эль-Шейх курортында демалу үшін ең қымбат баға 343 мың теңге шамасында. Бұған ұшу бағасы, трансфер, отельде тұру және толық тамақтану кіреді.

Соңғы жаңалықтар