Петропавл су қоймасына 500 мыңға жуық тұқы шабағы жіберілді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының су айдындарына балық шабақтары жіберіліп жатыр. Бұл жұмыс мемлекеттік тапсырыс аясында іске асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Балық шаруашылығы комитетінің мәліметінше, 12 қыркүйекте Петропавл балық тәлімбағы орташа салмағы 13 грамм болатын 470 мың дана біржазғы тұқы шабақтарын Петропавл су қоймасына жіберген.
Осы аптаның соңына дейін Сергеев су қоймасына тағы 600 мың дана тұқы шабағы жіберіледі.
Сонымен қатар, қыркүйек және қазан айларында Кіші Арал теңізін, Сырдария және Есіл өзендерін, Балқаш және Зайсан көлдерін, сондай-ақ Қапшағай және Шардара су қоймаларын балықтандыру жоспарланып отыр.

