Петропавл су тасқынына дайындалуда

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірлік ОКҚ брифингінде аймақтағы су тасқыны және жергілікті атқару органдарының оған дайындықтары жөнінде айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Петропавл су тасқынына дайындалуда

Қазіргі уақытта Есіл ауданы ең қиын жағдайда қалып отыр. Сол ауданда Есіл өзені арнасынан шығып кеткен. Николаевка және Петровка ауылдарындағы үйлерді су алып кетті. Бұл аймақта өзен арнасын жағалай қоныстанған 11 елдімекен бар.

«3-4 күннен кейін қызыл су Петропавлға келеді. Оған төтеп беру үшін барлық шаралар жүргізілді. «Ауыз суды ішуге жарамсыз, қаланы су басады» деген дақпырттар - арандатушылық. Билік жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қызыл судың келуіне және кез келген оқиғаға дайын екенімізді тағы да ресми мәлімдеймін. Судың қоры бар. Су деңгейі сорғы стансасына дейін көтеріледі деп жорамалдап отырмыз. Бұған дайынбыз. Күш пен құралдар жеткілікті», - деп мәлім етті Құмар Ақсақалов.

Облыс әкімі қазір сорғы стансасын нығайту бойынша жұмыстар жасалып жатқанын хабарлады. Суға ластағыш заттардың түсіп кетпеуі үшін барлық шаралар қолға алынады.

Сергеевка су қоймасында су деңгейінің бөгетке жоғары тұсына дейін жеткен анықталды. Кеше су деңгейі 3,37 метрді құрады - бұл гидроқұрылғы тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Су қоймасының сыйымдылық көлемі 693 млн текше метр болса, онда 1,1 млрд текше метр су жиналған. Мұндай көлем ешқашан болмаған.

«Біз кеше ауыл ақсақалдарымен сөйлестік, мұндай алапат су тасқынының қашан болғаны олардың есінде жоқ. Жаңбыр, қардың күрт еруі салдарынан бір тәулікте 4 өзен арнасынан жайылып кетті. 146 үйді су басып, оның 12-сі қалпына келтіруге жарамсыз боп қалды. Комиссия бүгін келген шығынды бағамдау жұмыстарын аяқтайды. Алдағы бір айда тұрғындар өтемақы алады», - деді Құмар Ақсақалов. 

футбол
Ұқсас жаңалықтар

Футболдан еліміздің әйелдер лигасында екінші тур басталады