Петропавл темір жол стансысында жолаушылардың ұялы телефондарын ұрлаумен айналысып жүрген ұры ұсталды

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Петропавл стансысының желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жолаушылардың ұялы телефонын ұрлаумен айналысып жүрген ұрыны құрықтады,
None
None

деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтері бойынша, 9 қараша күні Петропавл стансысының желілік ішкі істер бөліміне 19 жасар бойжеткен теміржол вокзалының күту залында белгісіз біреу «Nokia-6270» ұялы телефонын ұрлап кеткендігін айтып шағымданған. Осыған байланысты теміржол вокзалының аумағынан ұрыны іздеу жөнінде жедел шешім қабылданып, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасын бастайды.

Шара барысында полицейлерге автовокзалдың маңында жүрген жас жігіттің суыт жүрісі күмән тудырады. Тексере келгенде ол Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев қаласының 25 жасар жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында одан ұрланған заттар табылып, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қосымша тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар