Петропавл тұрғындарына металл пластик құбырлардың сенімсіз екендігі ескертілді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жылу маусымының басынан бері Петропавлда металл пластиктен жасалған құбырлардың бірнеше рет зақымдану жағдайы тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Андрей Агеев атап өткендей, «Петропавловские Тепловые Сети» ЖШС өкілдері тарапынан бірнеше рет ескертуге қарамастан тұрғындар бұрынғыша үйішілік жылыту жүйесінде металл пластикалық трубаларды қолдануда. Ал бұл өз кезегінде жылумен қамтамасыз етудің төмендеуіне әсер етіп, денсаулықққа қауіп төндіреді.
«Петропавловские Тепловые Сети» ЖШС мәліметіне сүйенсек, бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің металл пластиктерден жасалған жылыту құбырлары зақымданған.
«Келтірілген залал отыз градустық аяз кезінде үйлерді жылумен қамтамасыз етудің уақытша тоқтауына, сонымен қатар тұрғын үйлерді су басуына әкеп соқтырды. Салдарынан тұрғын үйдің қатып қалған жылыту жүйесін ерітуге туре келді. Мысалы, Кошуков көшесіндегі 2-үйде 20 жылыту құбыры істен шықты», - деп атап өтті «Петропавловские Тепловые Сети» ЖШС-ның бас инженері Александр Захарьян.
Энергетиктер тұтынушылар өз үйлеріне металл пластик құбырды орнатпас бұрын, гидравликалық есептеу жобасын жүзеге асыруға міндетті екендігін ескертеді. Ұйым атап өткендей, павлодарлықтар көп жағдайда осы норманы сақтамайды.
Металл пластик құбырлар Петропавлдағы үйлердің 60%-ында орнатылған.