Петропавл тұрғыны инновациялық жылыжай салып жатыр

Биовегетарийге ауа ағыны жүйесін басқаратын күн батареяларын орнатады. Жылыжайда жылы ауаны тартатын құбырлар салынады. Олар вентиляторлардың көмегімен жылы ауаны жүйектердің астына жеткізеді.
«Су жылуды шоғырландырып, қажет болғанда бөледі. Сондықтан жылыжай ішінде суы бар бөтелкелер көп. Ол сонымен қатар өсімдіктерді тамшылап суару үшін пайдаланылады», - деді Олег Андрющенко.
Барлық үдеріс автоматтандырылған. Су құбыры жоқ. Жауын суы қолданылады. Жаңбыр суы жиналуы үшін шағын қазаншұңқыр жасалған. Олег қыста суару үшін еріген суды пайдалануды көздеп отыр.
Жылыжай шатыры поликарбонаттан жасалған. Ол күн шуағын өткізеді. Қыс мезгілінде қазандықпен қосымша жылыту жоспарланған.
Олег Андрющенко бұл тәжірибелік алаң деп отыр. Онда көкөністерді өсіру технологиясы жетілдіріледі. Алдағы уақытта петропавлдық кәсіби экожылыжай салып, жылдың әр мезгілінде өнім алуға ниетті.