03:15, 30 Тамыз 2015 | GMT +5
Петропавл тұрғыны Конституция мерейтойына 12 гүл композициясын арнады (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда ҚР Конституциясының 20 жылдығына қала тұрғыны Бейбіт Смағұлов жасанды гүлдерден әзірлеген 12 композициясын арнады.

Гүлдер салынған құмыра, дельфиндер, саңырауқұлақтар, көбелектер түріндегі туындылар алыстан көз тартады.
«Туған қаламды безендірген ұнайды. Мен жасаған 12 гүл композициясы металл қаңқа негізінде әзірленген. Әрқайсысын 8 адамнан тұратын бригада 2-3 күн дайындадық. Алдағы уақытта қаржылай қолжау тапсақ, бұл жұмыстарды жалғастырамыз. Тағы басқа осындай әсем гүлдерден жасалған мүсіндермен қала көшелерін безендірмек ойымыз бар», - дейді «Коммунхоз Петропавловск» ЖШС шебері Бейбіт Смағұлов.