Петропавл тұрғыны көшеде қарумен жүрген

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласының 23 жастағы тұрғынынан пневматикалық тапаншаға ұқсас зат тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Петропавл тұрғыны көшеде қарумен жүрген

17 ақпанда Петропавл қаласы полиция басқармасының 102 жедел каналына Н. Назарбаев көшесіндегі «Северный» базарының жанында қолында қаруы бар күдікті ер адамның келе жатқаны туралы хабарлама түседі. Бұл факт ақпаратты есепке алу кітабында тіркеледі. Полицейлер екі ер адамды ұстады. Олардың бірі, облыс орталығының 23 жастағы тұрғынынан пневматикалық тапаншаға ұқсас зат тәркіленді. Зат сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.


Фото: t.me/POLICE_of_KZ