Петропавл тұрғыны көшеден патрондар салынған пакет тауып алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл тұрғыны көшеден патрон салынған пакетті тапты. Оқ-дәрі атуға жарамды болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл тұрғыны көшеден патрондар салынған пакет тауып алды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 35 жастағы петропавлдық Ғ.Мүсірепов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында оқ-дәріге ұқсас зат салынған пакет тауып алды. Ер адам дереу полицияға қоңырау шалып, болған оқиға туралы хабарлады.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы иір ойықты қаруға арналған 11 патрон салынған пакетті тәркіледі. Сараптама көрсеткендей, бұл оқ-дәрі 5,56х45 и 7,62х39 калибрлі атуға жарамды патрондар болып шықты. Мұндай оқ-дәрі «Сайга», «Вепрь» және басқа да аңшылық карабиндеріне жарамды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір полицейлер патрондардың иесін анықтап жатыр.

«Көктемгі аңшылық маусымы кезінде қару-жарақ пен оқ-дәріні заңсыз сатып алу және сақтау үшін жауапкершілік көзделгенін тағы бір мәрте еске саламыз. ҚР ҚК 278-бабының 3-бөлігінің санкциясына сәйкес атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа) және оқ-дәрілерді заңсыз сақтау – 5 мың АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салудан, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін әкеп соғады. Сондай-ақ тіркелген қарудың қылмыстық ортаға түсу қаупін азайту үшін оны қауіпсіз сақтау шараларын қатаң ұстану қажет екенін еске саламыз», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.