Петропавл тұрғыны майдангер әкесінің Нидерландыда жерленгенін 70 жылдан кейін білді
ПЕТРОПАВЛ. 7 наурыз. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавл тұрғыны Нина Юрина, Ұлы Отан соғысына қатысқан және із-түзсіз жоғалып кеткен әкесі Василий Климовтың Нидерландыда жерленгенін 70 жылдан кейін білді.
Бұған дейін әкесінің тағдыры туралы бейхабар болып келген Нина Юрина, 3 наурызда Петропавл муниципальдық телерадиоарнаның эфирінде көрсетілген бейнесюжеттен кейін ғана, әкесі Василий Климовтың Нидерландыда жерленгенін естіп білді.
Нина Васильевнаның айтуынша, сюжет көрсетілгеннен кейін, оған сіңлілері қоңырау соға бастаған, ал бірінші болып хабарласқан күйеу баласы, әкесінің табылғанын айтқан. Нина Васильевна әкесінің Нидерландыда жерленгеніне таңданып отыр.
Василий Климов майданға 1942 жылы көктемде аттанған. Соңғы хатында ол, өзінің он бірінші барлауына аттанып бара жатқанын жазған. Ол тұтқынған түсіп қалған. Әскери тұтқындар ұсталған лагерь Германиядан Нидерландыға қоныс аударылған болуы мүмкін.
Отбасы Василий Климовты соғыстан кейін ұзақ жылдар бойы күткен. Нина Васильевнаның айтуынша, анасы түрлі мекемелерге хат жазған, бірақ күйеуінің тағдыры туралы оған ешкім ештеңге айта алмаған. Әкесі соғысқа аттанған кезде небәрі 2 жаста болған Нина Васильевна бүгінде - әже.