Петропавл тұрғыны орманнан қару тауып алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл тұрғыны орманда ағаштардың түбінен қару салынған қап тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл тұрғыны орманнан қару тауып алды

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, әйел полицияға әкеп тапсырған қару «ТОЗ-16» маркалы карабин болып шыққан. Қазір оған сараптама жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, республика аумағында жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

«Тексерістер аяқталған соң арнаулы комиссия сыйақы төлеу туралы шешім қабылдайды. Осы сияқты иір ойықты қаруларға ең көп мөлшерде сыйақы беріледі», - дейді Петропавл ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Әсел Кокушова.

Қаруды өз еркімен әкеп тапсыру акциясы аясында солтүстікқазақстандықтар 3,2 мыңнан астам оқ-дәрі және заңды түрде тіркелмеген 27 қаруды тапсырған. Соның 4-еуі - иір ойықты мылтықтар. Комиссия оларға жалпы 800 мың теңгеден астам сыйақы белгіледі.