Петропавлда 10 мыңнан астам бала балабақша кезегінде тұр

Онда көтерілген маңызды мәселелердің бірі - Петропавл қаласындағы балаларды балабақшалармен қамтамасыз ету болды. Қалалық білім беру басқармасының басшысы Гүлмира Каримованың айтуынша, кезекте 10 778 бала тұр, оның 4808-і 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер.
Башылар бұл пролеманы балабақшаларды мемлекетке қайтару, жаңадан салу, бейімдеу, қайта жөндеуден өткізу мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі сияқты шаралар арқылы шешпек. Өткен жылы бизнес-құрылымдарды тарту жұмыстары негізінде 600 орынға арналған 20 балабақша ашылған. Жеке кәсіпкердің қайта жөндеуден өткізуі арқылы 44 балаға арналған балабақша ашылды. Әрқайсысы 200 орынға арналған екі балабақшаның құрылысы мен жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу.
«Титан Север» ЖШС» «Орман» шағын ауданында 140 орындық балабақша құрылысын бастады. Келесі жылы 280 орындық балабақша және «Юбилейный» шағын ауданында 90 орындық, «Береке» шағын ауданында 140 орындық балабақшаның құрылысын бастау көзделіп отыр. Жоба-сметалық құжаттары дайын»,-деді Гүлмира Кәрімова.
Ол сонымен қатар тағы екі шағын ауданда 280 орындық екі балабақша құрылысының құжаттары дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ құрылыс бөлімі 540 орынға арналған 2 балабақша құрылысының құжаттарына байқау жариялаған.
Бүгінгі таңда Петропавлда 58 мектепке дейінгі мекеме бар. Оның 34-і балбақша, 24-і шағын орталық, біреуі мектеп-балабақша. Оларда бүгінгі таңда 8523 бала тәлім-тәрбие алуда. 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту 92,5 пайыз, мектепке дейінгі білім беру 59,6 пайызды құрап отыр.