Петропавлда 12 шақырым жылу желілері жөнделеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Биыл «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС  12 шақырым шамасындағы жылу желілерін жөндеуден өткізеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Петропавлда 12 шақырым жылу желілері жөнделеді

«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі күрделі жөндеуге мекеме 444 млн теңге жұмсауды жоспарлап отырған айтып өтті. Жоспарға сәйкес, магистралдық және тарату жүйелері, жылу камералары мен изоляция жұмыстары, сорғылар мен электрқұрылғылар және басқа да жылыту құрылғылары жөнделмек.

2016 жылы «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС  Еуропалық қайта құру банкі  және ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлескен үш жақты келісімге қол қойған болатын. Жұмыс биыл да жалғасады. Жаңғырту бірден үш жылу магистраліне: Крепостная көшесі бойындағы №7, Советская көшесі бойындағы №15 және Алматы көшесінің бойындағы №7 ЖМ бойынша жүргізіледі.

Былтыр «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС  15 шақырымнан астам жылу желілерін жөндеп, 5 шақырымнан асатын ескі құбырларды қалпына келтірген.