Петропавлда 15 жаңа автобус жолға шықты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында автобус паркі жаңартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бағдарға 15 жаңа автобус шықты. Петропавл автобус паркін кезең-кезеңмен жаңартуға өткен жылдың соңында кіріскен. Әуелі Петропавл-Бескөл бағытындағы 101-ші бағдар жаңартылған.

«Облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында «Партнер-Авто» ЖШС көлік паркі толықтырылды. Машиналардың барлығы су жаңа. Іші жайлы, кең. Автобустар қосымша пештермен жабдықталған. Енді іші әлдеқайда жылы болады», - деп баяндады қала әкімінің орынбасары Қайролла Ғалеев.

Келесі жылы тасымалдаушылар тағы 26 автобус әкелмек.

«СҚО Автокөлік одағы» Қауымдастығының төрайымы Галина Семенова қоғамдық көлікпен жүру тарифі қымбаттамайтынын айтты.

«Тарифтер өзгеріссіз қалады. Бүгінде ол ересектер үшін - 60 теңге, балалар үшін - 40 теңге. Тасымалдаушылардың ортақ шешімімен жеңілдік жолақы билеттерінің мерзімі 2019 жылдың бірінші тоқсанына дейін ұзартылады», - деп атап өтті Г.Семенова.

Петропавл қаласының маршруттарына күн сайын 300-ге жуық автобус шығып отырады.



Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар
telegram