18:18, 31 Мамыр 2023 | GMT +6
Петропавлда 15 жасар қыз бала өзіне қол салды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 15 жасар қыз бала өзіне қол салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
31 мамыр сағат 15:15-те Петропавл қаласы ПБ-нің 102 жедел арнасына Жамбыл көшесіндегі 16 қабатты тұрғын үйлердің бірінің төбесінде қыз баланың тұрғаны туралы хабарлама түседі.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері 15 жастағы қыз баланың қайтыс болғанын анықтайды. Алдын ала болжам бойынша жасөспірім көп қабатты үйдің шатырынан секіріп, өзіне-өзі қол салған.
Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.